Posted by Samruk-Energy at Dec. 29, 2019, 7 a.m.

Екібастұз МАЭС-2 станциясының қызметкерлері дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету дағдылары мен іскерліктерін көрсетті. Солнечный кентінің дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жыл сайынғы кәсіби шеберлік аясында станция бөлімшелері арасында "Парамедик-2019" байқауы өтті. Кезең-кезеңмен өткен байқаудың бірінші турында қатысушыларға өз командаларын ұсыну керек болды. Мұнда химиялық цехтың «Витаминдер» командасы ерекшеленіп, грамотамен белгіленді. Келесі жарыстар барысында парамедиктер әртүрлі жағдайларда, соның ішінде өндірісте, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету дағдылары мен біліктерін көрсетті. Қатысушыларды Екібастұз медициналық колледжінің біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі Оксана Карпинская, емдеу-профилактикалық қызметінің терапевті Наталья Молдаханова, станцияның кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәуле Галеева, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Әлия Оспанбаева бағалады. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды ОЖЦ, 2-орынды ХЦ, 3-орынды ГҚ және ЖКЦ жеңіп алды. Жеңімпаз командалар сыйлықтармен марапатталды, ал қатысушыларға грамоталар табыс етілді.

***

Работники Экибастузской ГРЭС-2 показали навыки и умения в оказании неотложной доврачебной помощи. В физкультурно-оздоровительном комплексе п.Солнечный в рамках ежегодного профмастерства прошел конкурс «Парамедик-2019» среди подразделений станции. На первом туре участникам нужно было представить свои команды, в чем отличилась команда «Витамины». В ходе следующих соревнований парамедики показали навыки и умения в оказании неотложной доврачебной помощи, в том числе на производстве. Оценивали участников заведующая отделением повышении квалификации Экибастузского медицинского колледжа Оксана Карпинская, Председатель профсоюзного комитета Сауле Галеева, терапевт лечебно-профилактической службы Наталья Молдаханова, инженер по охране труда и технике безопасности  Алия Оспанбаева. По итогам соревнований 1-место завоевала команда ЦЦР, 2-место команда ХЦ, 3-место ЦГТС и ПК. Команды-победители награждены призами, а участникам вручены грамоты.

Пресс-служба: АО «Станция Экибастузская ГРЭС-2» (ЭГРЭС-2)

#ЭкибастузскаяГРЭС2, #ЭГРЭС2,#аостанцияэкибастузскаягрэс2 #ЭнергетикаКазахстана