Posted by Казахтелеком at Jan. 19, 2022, 2:01 p.m.
Достар, «Қазақтелеком» абоненттерді мыс технологияларынан интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз етудің заманауи және балама тәсілдеріне ауыстырып қосу бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жалғастыруда. Мысалы, Жаңа жыл қарсаңында компания мамандары Жамбыл облысының Қаракемер ауылының тұрғындарын «оптикаға» ауыстырып қосты.
Толық ақпарат карусельде, сырғытыңыз!
Қаракемер ауылы Тараздан 40 шақырым жерде орналасқан, онда 2200 тұрғын 11 Мбит/с жылдамдықпен мыс желілері бойынша интернетті пайдаланған. Дегенмен «мыстан» сымсыз радиорелелік байланысқа көшу арқылы 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етті. Ал Жаңа жылдың алдында телеком-оператордың байланысшылары интернетке қосылу мүмкіндігін арттыратын талшықты-оптикалық байланыс желілерін де салды.
«Аудан орталығы Асадан Қаракемер ауылына дейінгі учаскеде біз талшықты-оптикалық кабель төседік. Жақын арада ауылдағы АТС-ті «оптикаға» ауыстырып қосамыз, бұл ескі мыс желілерін күтіп-ұстауға арналған пайдалану шығыстарын қысқартады, байланыс сапасын жақсартады және тұрғындарға телекоммуникация қызметтерін толық көлемде ұсынады».
Жәнібек Сүлейменов, «Қазақтелеком» АҚ филиалы - Оңтүстік ӨТД Жамбыл жергілікті желілердің техникалық торабының пайдалану жөніндегі директор орынбасарыРадиорелелік байланыс - бұл радиосигналдардың бірнеше рет таратылуына негізделген деректерді беру технологиясы және ол желіні орналастырудағы тиімділік, деректерді берудің ұтқырлығы мен сенімділігі маңызды болған жағдайда тиімді шешім болып саналады. Технологияның өткізу қабілеті шектеулі - 100-150 Мбит/с.
«Менің отбасым үлкен және барлығымыз интернетті пайдаланамыз: балаларым әлеуметтік желілерде сөйлеседі, немерелерім мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды қарайды. Күйеуім зауытта токарь болып жұмыс істейді. Интернеттің жақсы жылдамдығының арқасында ол жону жұмыстары туралы бейне кеңестерді еш кедергісіз көреді. Бәріміз өте ризамыз!»
Тұрсынкүл Әмірбекова, Қаракемер ауылының тұрғыны.▪️▪️▪️
Друзья, «Казахтелеком» продолжает реализацию масштабного проекта по переводу абонентов с медных технологий на современные и альтернативные способы обеспечения широкополосным доступом в интернет. К примеру, в преддверии Нового года специалисты компании перевели на «оптику» жителей села Каракемер Жамбылской области.
Все подробности в карусели, листайте!