Posted by Казахтелеком at Feb. 1, 2022, 8 a.m.

Достар, бүгін біз әріптесіміз Қостанай ЖЖТТ желілік ресурстарды техникалық қолдау орталығының бастығы Иван Васильев туралы айтатын боламыз.

#ҚазақтелекомТұлғалары айдары кейіпкерінің ата-анасы - компания ардагерлері. Әкесі - бас метролог, анасы - жетекші байланыс инженері. Иван әйелі Викториямен бірге байланысшылар әулетін жалғастырып келеді. Біздің кейіпкеріміздің жұмыс күндерінің егжей-тегжейлері туралы білу үшін карусельді сырғытыңыз ➡️

Иван өзінің еңбек жолын техникалық пайдалану орталығының инженер-бағдарламашысы лауазымынан бастады. 2008 жылы, Қостанайда кеңжолақты қол жеткізу қызметтері қарқынды дами бастаған кезде, метрожеліні пайдалану учаскесінде бос жұмыс орны ашылды, біздің кейіпкеріміз сонда қабылданған болатын.

Белсенді, креативті Иван көптеген қызықты жобаларға қатысады:
• 2009 жылы ECI DSLAM жабдығы мәселесін республикалық деңгейде шешуді ұсынды;
• 2010 жылдан бері жұмысты оңтайландыру бойынша бағдарламалық өнімдермен айналысып келеді;
• 2012 жылы Иван «Өзіндік ерекшелігі мен тапқырлығы үшін» номинациясында жылдың үздік қызметкері деп танылды;
• 2018 жылы «Сенімді кәсіпқой» құрмет грамотасымен марапатталды.

Айдар кейіпкерінің соңғы жобаларының бірі — «ConfCall». Бұл «CREDO – табыс мәдениетіне апарар жол» шеңберінде енгізілген басқарылатын аудиоконференция. Аудиоконференцияны Қостанай өңірінің ӨТД, ББД және КБД бөлімшелері пайдаланады. «CREDO» жобасының өзінде Иван «Үздік шешімдер» номинациясында жеңімпаз атанды.

Иван үйленген және оның бір қызы бар. Ол өзінің жұбайы Викториямен «Қазақтелекомда» танысты. Ер азамат атап өткендей, жұбайы оның жұмысына түсіністікпен қарайды. Өйткені, төтенше жағдайдың себебін анықтауға және оны жоюға тек жұмыс уақыты ғана жұмсалмауы мүмкін.

«Бос уақытымда мен үй жұмыстарымен айналысамын, бір нәрсені жобалауды ұнатамын, отбасыммен көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Мен волейбол ойнаймын, бірақ қазір карантиндік шараларға байланысты мен үйде отбасыммен бірге фитнеспен айналысамын».
Иван Васильев

▪️▪️▪️

Друзья, сегодня мы расскажем о нашем коллеге Иване Васильеве - начальнике Центра технической поддержки сетевых ресурсов Костанайского ТУМС.

Родители героя рубрики #ЛицаКазахтелекома — ветераны компании. Отец — главный метролог, мама — ведущий инженер связи. Иван вместе с супругой Викторией продолжают династию связистов.

Листайте карусель, чтобы узнать о подробностях рабочих будней нашего героя ➡️